Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация есебіндегі қызылордалыққа мәжбүрлі еңбек тағайындалды

Пробация есебіндегі қызылордалыққа мәжбүрлі еңбек тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 500-ден астам сотталған есепте тұр. Оның ішінде бас бостандығын шектеу жазасымен сотты болған 120-дан астам адамға сот үкімімен мәжбүрлі еңбек тағайындалған. Қызылорда қаласының тұрғыны В. есімді ер адам ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып, сот үкімімен оған үш жыл бас бостандығынан шектеу жазасына жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылауға алынады.

Қазіргі уақытта ол 100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін өтеу үшін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы “Қызылорда  Тазалығы” ЖШС-не жіберілді. Күніне төрт сағаттан асырылмай мәжбүрлі еңбегін өтеуде. 

– Оңай олжаға кенелемін деп опық жедім. Дәлірек айтсам, ұрлық жасап, сотты болдым. Темір-терсек ұрлап, өткіздім. Өз өміріме өзім балта шаптым. Өкініш өзегімді өртейді. Осы жасаған қылмысым үшін сот үкімімен тағайындаған жазамен 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекті атқарып жүрмін. Бұл жаза мен үшін тәрбиелік мәні бар сабақ болды, – дейді пробация есебіндегі сотталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру