Пробация есебінде тұрған ақтөбелік сотталғандар жұмыспен қамтылды
Қобда ауданының Пробация есебінде тұрған сотталғандар 100 пайыз жұмыспен қамтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы А.Шамишевтің тапсырмасын орындау мақсатында, Қобда аудандық Пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша жүйелі жұмыстар атқарып келеді.
Қобда аудандық Пробация қызметінің аға инспекторы Айгирим Жанбырбаеваның айтуынша, аталған Пробация қызметінің инспекторлары аудандық жұмыспен қамту бөлімімен бірлесіп, күні бүгінге дейін пробация есебінде тұрған барлығы 30 сотталғанды жүз пайыз жұмыспен қамтыды.
Жуырда Қобда ауданы әкімдігі және Халықты жұмыспен қамту орталығының «Еңбек» бағдарламасы аясында ұйымдастырған «мобильдік рекурстық пункт» іс-шарасына Қобда аудандық Пробация қызметі өздерінде пробация есебінде тұрған бір есепте тұрған жұмыссыз адамды қатыстырып, оған да лайықты жұмыс тауып берді.
– Сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу мақсатында, оларды жұмыспен қамту мәселесі- барлық Пробация қызметкерлерінің алдында тұратын басты тапсырма.
Жалпы, жыл басынан бері Қобда аудандық Пробация қызметінде есепте тұрған тұрғындардың барлығы жұмыспен қамтылып, бір есепте тұрған адамға ыңғайлы жұмыс қарастырып жүрген болатынбыз. Осы акция барысында, ол адамға да жұмыс табылып, осы ауылдағы шаруа қожалығына маусымдық жұмысқа орналасты. Жаңа жұмысы оның отбасын асырауда және қоғамға бейімделуіне пайдасын тигізеді деп сенеміз, – дейді Қобда аудандық Пробация қызметінің аға инспекторы Айгирим Жанбырбаева.