Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация инспекторы мұқтаж жандарға керек азығын алып берді

Қызылордадағы қалалық пробация қызметінің инспекторы өз ақшасына мұқтаж жандарға азық-түлік алып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аты-жөнін атамауды өтінген азамат өзінің бұл әрекетімен ҚАЖ департаменті қызметкерлерінің бойында да адамгершілік сезім бар екенін көрсете білді.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты дүкенге баруға шектеу қойылғаны бар, одан қалды қаржы тапшылығын көріп отырған отбасы күнделікті ішіп-жемге әзер жетіп жүрген еді. Үйдің үлкені, қарт ана қатардағы қызметкердің бұл ісіне риза болды.

Қиналған жанның қажетін өтеп, қам көңілді қуанышқа бөлеген инспектордың аты аталмаса да, азаматтық көрсеткенін көрдік. Құқық қорғау саласы қызметкерінің бұл ісі көпке өнеге болсын делік.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру