Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация қызметінен жасырынып жүрген ер адам Павлодарда табылды

Павлодарда пробация қызметінен жасырынып жүрген ер адам 11 күнде табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметі Шарбақты ауданы ПБ-нің криминалдық полиция бөлімшесімен бірлесіп, “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы барысында сот үкімімен өзіне жүктелген міндеттерді орындаудан және пробациялық бақылаудан қашып құтылмақ болған есептегі ер адамды іздестіруге жариялауды болдырмады.

Есептегі К. алаяқтық жасағаны үшін сотталған және сот оған бостандықта түзелуге мүмкіндік берді, үш жарым жылға бас бостандығы шектелді, осы мерзімде сотталған өзіне сот жүктеген міндеттерді орындауға міндетті, бұл тiркелуге келу, тұрғылықты жерiн өзгерту туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерiнен тысқары жерлерге жоспарланған кетулер туралы хабарлау.

Анықталғандай, сотталған К. тіркеуге келген жоқ, пробация қызметіне хабарламай, тұрғылықты жерін өзгертті, ауылдан Павлодар қаласына кетіп, жасырынып жүрді.

Пробация қызметі мен Шарбақты ауданының полиция бөлімі қызметкерлерінің тығыз ынтымақтастығы арқасында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қысқа мерзімде есептегі К-ның тұрған жері анықталды.

– Сотталған Павлодарда әпкесінің пәтерінде ұсталды. Облыс орталығынан Ақсу қаласына аттанып, әртүрлі мекенжайда тұрған. Сосын облыс орталығына келіп, ұсталды. Сотталғанға жазбаша ескерту түріндегі жаза тағайындалды, ал егер ол пробациялық бақылаудан жалтаруды жалғастырса, ол бас бостандығынан айыру жазасын іс жүзінде өтеу қаупі төнеді, – деп түсіндірді Шарбақты ауданы пробация қызметінің бастығы Махмуд Китиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру