Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғыны колониядағы күйеуіне 6 бөтелке шегілмейтін темекі алып келген

Астана қаласының тұрғыны Павлодар қаласындағы колонияда жазасын өтеп жатқан сотталған күйеуіне алты бөтелке шегілмейтін темекі алып келген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

34 жастағы астана тұрғыны сотталған күйеуіне ұзақ уақытты кездесуге келген.

Сотталған жазасын Павлодар қаласының №45 мекемесінде 106-бабының 3-бөлімі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша өтеп жатыр.

Азық-түлік салынған сөмкені тінту кезінде ішінен шегілмейтін темекі салынған алты пластик бөтелке табылды. Сондай-ақ жан-жақты тексеру барысында 5135 теңге көлеміндегі қолма-қол ақша мен флеш-карта тәркіленді.

– Тексеру барысында біз барлық келушілерге тыйым салынған заттарды әкелу жауапкершілігін ескертеміз, олармен де сөйлесеміз. Алайда қабылданған шараларға қарамастан мұндай фактілер тіркеледі, –  дейді мекеме басшысы Қуаныш Койчубаев.

Әйелге қатысты ӘҚБтК-нің 481-бабы(Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот отырысында сотталғанның әйелі кінәсін толық мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру