Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация қызметкерлері бес азаматқа азық-түлік пен киім-кешек табыс етті

Жамбыл облысының пробация қызметкерлері бес азаматқа азық-түлік пен киім-кешек табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жуалы аудандық пробация қызметкерлері «Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, есепте тұратын 10 азаматты бір реттік азық-түлікпен қамтамасыз етті. Бұдан бөлек, бес азаматқа қысқы маусымға арналған киім-кешегін сатып алып берді. Жалпы, пробация есебінде тұрған азаматтар өмірдің қиындығымен бетпе-бет келіп, бар ауыртпалықты арқалап жүретіні жасырын емес. Оларды мемлекет және әртүрлі қоғамдық ұйымдармен кәсіпкерлер қамқорлықтарына алып, жыл ішінде бірнеше мәрте қол ұшын созады. Бұл бағыттағы жұмыстар Жуалы аудандық пробация қызметінде де жүйелі жалғасын табуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру