Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы алты айлық нәрестеге манеж сатып алып берді

Алматы полициясы алты айлық қызға манеж сатып алып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түрксіб аудандық ПБ-ның ювеналды полиция инспекторлары аз қамтылған отбасыға барып, қажетті көмек көрсетті.

– Біздің инспекторлар құзыретті ұйымдармен және ҮЕҰ-мен бірлесіп, тұрақты түрде балалар тәрбиеленіп жатқан қолайсыз және аз қамтылған отбасыларға барып тұрады. Басты міндеттердің бірі – балалардың тұрмысы мен жағдайларын тексеру. Бұл отбасында екі кішкентай бала тұрады, олардың бірі осы жылдың мамыр айында дүниеге келген. Балалардың ата-аналары қиын жағдайға тап болды және қазіргі уақытта көп нәрсеге қол жеткізе алмайды. Бұл жерде біз қалыс қала алмадық. Біздің ювеналды полиция инспекторлары нәресте үшін ең қажетті заттарды:  манеж, төсек жабдықтары, ойыншықтар сатып алуды шешті. Мүмкін біздің көмегіміз ата-аналардың өмірін ішінара жеңілдетеді және нәресте тыныш ұйықтап, сау болып өседі деп сенеміз, – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру