Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қапшағайда көршісінің ауласындағы құрылыс құралдарын қолды қылған тұрғын ұсталды

Қапшағайда көршісінің ауласындағы құрылыс құралдарын қолды қылған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қапшағай қаласының полицейлері шағын аудандардың біріндегі құрылыс алаңынан үйдің іргетасын құюға қажетті темір қалыптар мен құбырларды ұрлау қылмысына қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы азаматты ұстады. Бұлтартпас айғақтардан кейін күдікті қылмысын мойындады.

– Сол ауданның тұрғыны көрші көшедегі құрылыс алаңында ешкімнің жоқ екенін пайдалана отырып, қақпа ішінен темір бұйымдарды ұрлаған. Заңсыз әрекеті арқылы 49 жастағы қала тұрғынан 800 мың теңге көлемінде шығын әкелген. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, – деді қалалық Полиция бөлімінің бастығы Манат Айтмұханбетов.

Полиция басшысының ақпараты бойынша, күдікті ұрлаған метал бұйымдарын темір қабылдау орындарына өткізген.Тапқан қаржысын өз қажетіне жаратқан. Тәртіп сақшылары метал өнімдерін тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Жеңіл жолмен пайда тапқысы келген тұрғын қылмыстық әрекеті үшін заң алдында жауап беретін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.