Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысы ПД бастығы білім ошағының материалдық-техникалық базасымен танысты

Қарағанды облысының бас полицейі Санжар Әділов Саран қаласындағы №17 мектеп- гимназиясында болып, білім ошағының материалдық-техникалық базасымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдымен ПД бастығын мектеп басшылығы оқу орынындағы коворкинг орталығымен таныстырды. Коворкинг орталығындағы жұмыстың артықшылығымен танысқан соң, бас полицей қала әкімі және өңір прокурорының қатысуымен оқушылармен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты –  білім алушыларға қоғам дертіне айналған есірткі заттарының зияны мен құқыққа қайшы әрекеттер жасау кезінде кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қолданылатын заңнаманы жеткізу.

– Сіздердің ең басты міндеттеріңіз ол сапалы білім алу. Болашақта өз орындарыңызды табу, жетістіктерге жету үшін мектеп қабырғасында алған білімдеріңізді жетілдіріп, болашаққа үлкен сеніммен қарауларыңыз қажет. Ол үшін, зиянды заттардан аулақ болып, есірткі қолданбай, салауатты өмір салтын сақтануларыңыз қажет. Қазіргі уақытта интернет желісі арқылы есірткі жасыру үшін жұмысқа орналасу да жиі кездесіп жатады. Ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін еске саламын. Оңай ақша ешқашан келген емес. Сіздер оны ата-аналарыңыздың еңбегінен ақ көруге болады, – деді Қарағанды ПД бастығы Санжар Әділов.

Кездесу барысында мектеп оқушыларына департамент бастығы Санжар Әділовпен қоса, қала прокуроры сондай-ақ нарколог мамандарда есірткінің адам ағзасына келтіретін зияны бойынша баяндамалар оқыды. Жиын соңында білім нәрімен сусындап жатқан шәкірттерге облыстық полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығының қызметтік иттерінің жұмысы таныстырылса, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері күдіктіні ұстау барысында қолданылатын қоян-қолтық ұрыс жаттығуларынан көрнекі жаттығуларын көрсетті.

Танымы мен тағылымы мол оқушылармен кездесу өткеннен кейін білім ошағының кіре берісінде жастардың назарына облыстық полиция департаментінің қолданысында бар қару-жарақ түрлері көрсетілді.

– Біз күнделікті сабақ барысында оқушыларымызға құққа қайшы әрекеттер бойынша дәріс оқып отырамыз. Алайда полицияның қатысуымен бұндай ауқымды іс-шара тұңғыш рет өтіп отыр. Сондықтан бұл кездесу балаларға ұнады және көкейлеріне жақсы ой түйді деген ойдамын, – деді №17 мектеп-гимназиясының мұғалімі Сәби Шаймұратов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру