Қарағанды облысы ПД-да Балаларды қорғау күні аталып өтті
Қарағанды облысы ПД-да Балаларды қорғау күні аталып өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мерекелік іс-шараның басты қонақтары жергілікті полиция қызметкерлерінің ұл-қыздары болды.
Жаздың шуақты күнінде балаларға ата-аналарының жауапты қызметімен жақынырақ танысуға бірегей мүмкіндік жасалды. Кішкентай қонақтар үшін арнайы ауқымды таныстыру бағдарламасы ұйымдастырылып, оларға полицияның арнайы техникалары көрсетілді. Сонымен қатар арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкерлері әсерлі көрсетілімдерін ұсынып, кинологтар қызметтік-іздестіру иттерінің дайындық деңгейі мен шеберлігін паш етті.

Мерекенің жарқын қорытындысы ретінде бұған дейін жарияланған сурет байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды. Жас суретшілердің ешқайсысы назардан тыс қалған жоқ – барлық қатысушыға естелік сыйлықтар мен дипломдар табысталды.




