Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында 6966 жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталды

Қарағанды облысында 6966 жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қарашадан бастап Қарағанды облысында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оның мақсаты – жол-көлік оқиғаларын, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды азайту.

Полицейлер сегіз күн ішінде 6996 жол ережесін бұзу фактісін анықтады. Оның ішінде 1872 жүргізуші жылдамдықты шектен асырғаны үшін, 605 жүргізуші қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзғаны үшін, 425-і телефон пайдаланғаны үшін, 32 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды.

Сондай-ақ, айыптұраққа 39 автокөлік қойылды, жаяу жүргіншілер тарапынан 727 ереже бұзушылықтың алдын алынды. Сондай-ақ, профилактикалық мақсатта полицейлер 2792 жадынамалар мен буклеттер шығарды, 1369 шақырым қауіпті жол учаскелері тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру