Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды ​​облысында ауыл тұрғынынан тіркелмеген карабин тәркіленді

Қарағанды ​​облысында ауыл тұрғынынан тіркелмеген карабин тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қазанда Қарағанды ​​облысы Қарқаралы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Полиция қызметкерлері қойшының қыстауының бірінде тіркеусіз қару-жарақ бар екендігі туралы хабар алды. Бұл фактіні тексеру кезінде полицейлер 1957 жылғы тіркелмеген карабинді тауып, тәркіледі. Үй иесі 54 жастағы ер адам қарудың қайтыс болған әкесіне тиесілі екенін түсіндірді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру