Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында бала тәрбиесіне салғырт қараған 19 ата-ана жауапқа тартылды

Қарағанды облысында бала тәрбиесіне салғырт қараған 19 ата-ана жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы аумағында наурыз айының 28 мен 31 аралығында кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу, оларға қарсы қылмыстарды болдырмау мақсатында “Назар аудар – демалыс” атты профилактикалық іс-шара өткізілді.

Полиция қызметкерлері осы іс-шара аясында полицияның есебінде тұрған балалардың отбасын, жайсыз отбасыларды және кәмелеттік жасқа толмағандардың жиі жиналатын жерлеріне рейдтік іс-шаралар жүргізді. Сонымен қатар, түнгілік уақытта балалардың бейсауат жүрмеуін қадағалау мақсатында түнгі көңіл көтеретін орындарға да тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Тек, екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы, яғни балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін дұрыс атқармаған 19 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 21 жасқа толмаған балларға ішімдік өнімдерін сатудың 15, ал темекі өнімдерін сатудың 11 дерегі анықталды. Түнгілік уақытта кәмелеттік жасқа толмағандардың заңсыз өкілдерінсіз жүруіне байланысты 86 ата-ана мен түнгі көңіл көтеретін орындардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, 28 наурыз күні Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі ювеналдық полиция инспекторларымен түнгі уақытта көңіл көтеретін орында кәмелеттік жасқа толмағандардың болу фактісі анықталды.
29 наурыз күні қаланың Орталық аумағында есірткі заттарын сақтаған кәмелеттік жасқа толмаған бала ұсталды.

Әртүрлі құқық бұзушылық фактілер бойынша 36 жасөспірім есепке алынып, алдағы уақытта ұстаздар қауымымен аталған балаларға профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру