Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында дүкен тонаған азамат қолға түсті

Теміртау қаласында дүкен тонаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қазан күні Теміртау қаласының полицейлеріне  қаладағы дүкендердің бірінің тоналғаны туралы хабарлама түсті.

Келіп жеткен жедел-тергеу тобына сауда нүктесінің иесі  белгісіз біреудің күш қолданамын деп қорқытып, ашық түрде ішінде 35 килограмм ас көкнәрі салынған ыдысты алып кеткені туралы айтқан.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгеге жуық соманы құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ізін суытпай осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы азаматты ұстады, одан айғақ зат тәркіленді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру