Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында карантин талаптарын бұзудың 13 фактісі анықталды

Қарағанды облысында бір аптада карантин талаптарын бұзудың 13 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Қарағанды қаласының ПБ қызметкерлері карантиндік шараларды бақылау және сақтау, азаматтар мен түрлі ұйымдардың карантинді бұзуын анықтау және басқа да құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу бойынша рейдтік және алдын алу іс-шараларын өткізуде.

Карантин талаптарын сақтау бойынша полиция қызметкерлерінің өткізген алдын алу ескерту жұмыстарына қарамастан кейбір жеке меншік кәсіпкерлер карантин талаптарын өрескел бұзу фактілері анықталуда.

Биыл 3 тамыз бен 10 тамыз аралығында карантин талаптарын бұзудың 13 фактісі анықталды. Барлық анықталған бұзушылықтарда термометрлердің, жеке қорғаныс құралдарының, сатушылардың медициналық маскалары мен қолғаптарының болмауы, клиенттер арасындағы қашықтықты сақтамау фактілері анықталды. Барлық фактілер бойынша СЭС қызметкерлері ҚР ӘҚБК 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар дайындалды.

5 тамыз күні қаладағы кафелердің бірінде еске алу шарасы өткізіліп, дәмхана иесіне 600 мың теңгеден астам айыппұл салынды. 08 тамызда сағат 02.46-да сағат 22.00-ден кейін жұмыс істеген түнгі бар және сол күні сағат 23.00-ден кейін тағы бір түнгі 23.00 –ден кейін жұмыс істеген тағы да бір түнгі бар анықталды.

10 тамызда сағат 00.00-ден кейін, 11 тамызда сағат 04.45-те азаматтарды осындай “жұмыстарын тым ерте бастаған” уақытта қабылдаған СПА-салондар анықталды.

Аталған фактілердің барлығы Қарағанды қаласының ПБ кезекші бөлімінде тіркеліп, материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді. Түнгі уақытта карантиндік талаптарды бұзуды анықтаумен қатар, полиция қызметкерлері түнгі тыныштықты анықтады.

Сонымен қатар 2020 жылдың шілдесінен бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабына “Тыныштықты бұзу” өзгерістер енгізілді, енді республика аумағындағы тыныштық уақыты жұмыс күндері сағат 22-ден 09-ға дейін, мереке және демалыс күндері тиісінше сағат 23-тен 10-ға дейін. Айта кету керек, карантиндік режим басталғаннан бері Қарағанды қаласы бойынша ҚР ӘҚБтК 437-бабы бойынша 200-ден астам, ал ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзудың 80-нен астам фактілері анықталған.

Өз кезегінде Қарағанды қаласының ПБ қызметкерлері қала тұрғындарынан карантин талаптарына түсіністікпен қарауды және оның талаптарын қатаң сақтауды, қоғамдық орындарда және көшелерде бетпердемен жүруді, антисептик құралдарын пайдалануды, қауіпсіздік ережелер мен ара қашықтықты сақтауға шақырады. Тәртіп сақшылары карантин талаптарының бұзудың кез-келген фактісі қатаң жауапкершілікке әкеліп соқтыратынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру