Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында көршісінің ақшасын ұрлаған азаматша ұсталды

Қарағанды облысында көршісінің үйінен ақша ұрлаған азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қараша күні Қарағанды облысы Осакаров аудандық полиция бөліміне 32 жастағы азаматша хабарласып, белгісіз біреудің үйіне кіріп, 110 мың теңге ақшасын ұрлап кеткендігі туралы арызданған.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, ізін суытпай осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы азаматшаны ұстады. Одан ұрланған ақша тәркіленді.

Күдікті азаматша жәбірленушінің көршісі болып табылады,  әрі ақшасын қай жерге жасыратынын білетін болғандықтан үй иесінің жоқтығын пайдаланып, ұрлыққа барған.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық)  сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру