Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте санитарлық талаптардың сақталуын тексеру бойынша жұмыстар жалғасуда

Шымкент қаласының полицейлері карантин басталғалы бері  карантин талаптарын бұзудың 804 фактісін анықтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасуда. Шымкент қаласының Полиция департаменті аудан әкімдіктерінің және аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының өкілдерімен бірлесіп, қалада өз жұмысын қайта бастаған нысандарға санитариялық-дезинфекциялық іс-шаралардың және басқа да санитариялық- эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізуде.

Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына кез келген  отбасылық іс-шараларды (еске алу, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және т.б.) өткізуге тыйым салынған.

Қалада жүріп-тұру кезінде бетперде кию бойынша міндетті талаптарды сақтау және адамдар арасында кемінде 2 метрлік әлеуметтік қашықтық сақталуы қадағалануда.

Үйлердің аулаларына және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендеуге үш адамнан аспайтын топтарға немесе бір отбасы мүшелеріне рұқсат берілген.

Карантин кезінде полиция қызметкерлері  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша 804 құқық бұзушылықты анықтады.

Барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жинақталған құжаттар Шымкент қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданып,  жалпы сомасы 51 254 100 теңгеге айыппұл салынған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру