Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында тікұшақтармен әуе патрульдеуі жүргізілуде

Қарағанды облысында полицейлер браконьерлердің қылмыстық іс-әрекеттеріне тосқауыл қою үшін аймақта тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері әрбір күдікті көлікті тоқтатып, тексереді. Олардың міндеті – браконьерлерді анықтау және Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен балықтардың жойылып кетуіне жол бермеу.

“Ақбөкендердің популяциясын сақтау және браконьерлік фактілерінің жолын кесу мақсатында мобильді топтар құрылды, олар Ұлытау, Нұра, Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай, Қарқаралы аудандары мен Жезқазған, Балқаш қалаларының аумақтарында рейдтік іс-шараларды жүзеге асыруда”, – деді Қарағанды облысы ПД табиғатты қорғау полициясы бөлімінің инспекторы Батырхан Сағадиев.

Жыл басынан бері Қарағанды облысының табиғатты қорғау полициясы 828 рейд жүргізіп, мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. Тәртіп сақшылары браконьерлерден 700-ге жуық мылтық тәркіледі.

Тәртіп сақшыларының әуе патрульдеуінің арқасында көптеген браконьерлік деректерінің жолы кесілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру