Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының полицейлері Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты ұлықтауда

Қарағанды облысының ПД Кадр саясаты басқармасының аға инспекторы Қуаныш Медеубаев 9 жыл бұрын қауіпті қылмыскердің әрекеттерінің жолын кесу кезінде қаза тапқан Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовқа жыр жолдарын арнады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үнсіздікпен еске аламыз батырды,
Үнсіздікпен қанша жасың ағылды…
Үнсіз күткен жары қалды артында,
Гүлсіз күткен бала әкесін сағынды…

Сертке берік бойға таққан тұмары,
Әр халықтың қайнар көзі бұлағы,
Ғазиздейін қайсар мінез батырлар,
Бір ғасырда бір-ақ рет туады.

Десеңдағы, уақыт қайта бұрылшы,
Десеңдағы, көзім қайта ілінші…
Тағдырынан тайсалмаған Ғазиздың,
Жүрегінде халық тұрды бірінші!

Бар еді оның сүйген жары, баласы,
Бар еді оның жанашыры анасы,
Соның бәрін қиған халық жолында,
Ерлігіне нар тұлғаның қарашы.

Нәубет төнсе ел басына мәуелі,
Төнсе елге лаңкестердің әлегі,
Қара басын сауғаламай, жалтармай,
Оққа кеуде тосар сақшы әуелі.

Жасай алмас бұл ерлікті мың кісі,
Еркелеген баласының күлкісі,
Артта қалып, қауіпке бас тігетін,
Ғазиз нағыз сақшылардың үлгісі.

Тау тұлғасы аласармас алыптың,
От-сәулесі сөнбес адал жарықтың,
Әзиз басын тіккен елдің жолына,
Ғазиз батыр жүрегінде халықтың!
Ғазиз мәңгі жүрегінде халықтың!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру