Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында жалпы саптық таратылым өтті

Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагуловтың қатысуымен кезекті жалпы саптық таратылым ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шара қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы тәртібін күшейтуге бағытталды.

Таратылым барысында департамент басшысы қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігі – полиция қызметінің басты құндылығы екенін атап өтті. Ол әрбір қызметкердің өз міндетіне адал қарап, заң талаптарын мүлтіксіз орындауы, қызметтік тәртіпті қатаң сақтауы – ортақ нәтижеге бастайтын негізгі фактор екенін жеткізді.

Сонымен қатар халықпен қарым-қатынаста сыпайылық, ашықтық және жоғары кәсібилік таныту қажеттігі ерекше айтылды.


— Халық сенімі – ең үлкен баға. Сол сенімді ақтау – біздің басты парызымыз, – деп атап өтті департамент басшысы.

Іс-шара аясында жеке құрамға құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту, әсіресе жол-көлік оқиғаларының санын азайту бағытында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізу тапсырылды.

Жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру – тек полицияның ғана емес, тұтас қоғамның ортақ міндеті екені де назардан тыс қалмады.

Жиын соңында Негмет Исмагулов әрбір қабылданған шешім мен атқарылған жұмыстың артында адам тағдыры мен өмір қауіпсіздігі тұрғанын еске салып, жеке құрамға қызметте табыс, ел тыныштығын сақтауда табандылық пен жоғары жауапкершілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру