Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында жүк көлігінен қомақты ақша ұрлаған күдікті қолға түсті

Қарағанды облысында жүк көлігінен қомақты ақша ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық полиция бөліміне ауданға қарасты ауыл тұрғыны арызбен шағымданды. Оның жүк көлігімен тауар тасымалдайтыны белгілі болды. Кезекті жүк тасымалдап келгеннен кейін, ол көлігін өзі тұратын үйдің ауласына қойған. Арада бірнеше уақыт өткенде белгісіз біреу көлігіне мінгенін аңғарған.

Белгісіз біреу көліктің терезесін сындырып, ішінен 770 мың теңге ақша мен құжаттарын ұрлап әкеткені анықталды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат ретінде ақша мен құжаттар тәркіленді. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру