Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды полицейлері 142 ауыр жүк көлігінің жүргізушісін жазалады

Қарағанды облысының полицейлері 142 ауыр жүк көлігінің жүргізушісін жазалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы, Бұқар-Жырау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері ауыр жүк көліктерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, аталған көліктермен маңызы бар тас жолдарда мөлшерден тыс жүктерді тасымалдаудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде. 

– Бүгінгі таңда аудандық полиция басқармасының қызметкерлері көлікті бақылау инспекциясымен бірлесіп, “Доскей-Ботақара”, “Қызылқайың-Теміртау” тас жолдарында жүк көліктерінің жүргізушілерімен жол жүру ережелерін сақтау, маңызы бар тас жолдарда белгіленген мөлшерден тыс жүк тасымалдау мақсатында рейдік іс-шаралар жүргізуде. Шара барысында көлік жүргізушілерге жол көлік оқиғаларына жол бермеу бойынша да түсіндірме жұмыстар атқарып жатырмыз, – деді Бұқар-Жырау ауданындық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Оразбаев.

Жыл басынан бастап полицейлер жүк көлік жүргізушілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571-1, 571-бабының 6-тармақтарына сәйкес,  яғни тасымалдап жатқан жүктеріне құжаттарының болмауы және жүктің мөлшерден тыс болуына байланысты 142 әкімшілік хаттама толтырылған. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру