Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары “Сауран” шеп-бекетінің жұмысын тексерді

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының жаңа бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев “Самара – Шымкент” тас жолында орналасқан “Сауран” стационарлық бақылау шеп-бекетінде болып, көрші облыстардан келетін және кері қарай өтетін көлік ағынын бақылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бағланбек Айтпаев бүгінгі таңда заманауи техникамен, бейнебақылау камераларымен және радиобайланыспен жабдықталған стационарлық бекет ғимаратын аралап көрді, бұл полицейлерге жол қозғалысының қауіпсіздігін ұдайы қадағалауға көмектеседі. Тәртіп сақшылары өтіп бара жатқан автокөлікті тексеруге және құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік беретін планшеттермен жабдықталған.

Сондай-ақ бастықтың бірінші орынбасары жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, автокөліктің техникалық жағдайын тексеру, жылдамдық режимін бұзудың жолын кесу, заңсыз қайта жабдықтау, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелері және басқа да құқық бұзушылықтар бойынша полиция қызметкерлерінің жұмысын бағалады.

Сонымен қатар полиция полковнигі стационарлық бекет арқылы өтетін ауыр жүк көліктері мен жолаушылар автобустарының жүргізушілерімен жол қозғалысы ережелерін, жолдардағы қашықтықты қатаң сақтау, жылдамдық режимін бұзбау және қауіпсіздік белдіктерін тағу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.

Полицейлер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы ескертетін жадынамалар таратты.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларды жол жүру ережелерін сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға, ең бастысы мас күйде рульге отырмауға тағы да шақырады. Жолда абай болыңыздар! 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру