Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда 35 мыңнан астам шөлмек контрафактілі ішімдік тәркіленді

Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстың экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 35 мыңнан астам шөлмек контрафактілік алкоголь тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлерге белгілі бір азаматтар облыс аумағында акциздік маркалармен алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын пайдалану арқылы заңсыз ішімдік өнімдерін сатумен айналысып жатқаны туралы ақпарат түсті. Сонымен қатар азаматтар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің тауар таңбасын заңсыз пайдаланып, акцизделетін тауарларды акциздік таңбалармен таңбалау тәртібі мен ережелерін бұзған.

Тәртіп сақшылары арнайы мақсаттағы жасақ және экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, қаладағы екі мекенжайда тінту жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген кешенді тінту жұмыстары барысында сараптама мамандарының алдын ала қорытындысына сәйкес 35 мың шөлмектен астам жалған есепке алу-бақылау таңбаларымен контрофактілі алкогольдік өнім тәркіленді. Сондай-ақ полиция қызметкерлерімен әр рулонда 1000 жапсырмадан тұратын жеті рулон жапсырылатын акциздік маркалар тәркіленді.

Жеті күдікті анықталды. Оның ішінде 28 бен 57 жас аралығындағы бес ер азамат және 30 бен 59 жас аралығындағы екі әйел бар.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 233-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру