Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда әйел 5 жасар баланының телефонын алдап алып кетті

Қарағандыда әйел 5 жасар баланының телефонын алдап алып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 маусымда 35 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне жүгінді. Жәбірленуші айтуынша, бес жасар ұлы белгісіз азаматтың алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болған. Үйдің алдында ойнап отырған баладан бір әйел келіп шұғыл телефон соғу керек деп ұялы телефон сұраған. Ұялы телефонды алған әйел ол жерден кетіп қалған. Келтірілген шығын көлемі 130 мың теңгені құрайды. ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

9 тамызда іздестіру шаралары кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 33 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ол баладан алынған ұялы телефонды белгісіз адамға сатқанын түсіндіріп, қылымысын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру