Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ауа райының қолайсыздығынан 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Қарағандыда ауа райының қолайсыздығынан 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 наурыз күні Қарағанды қаласында ауа райының қолайсыздығынан 22 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 3 адам түрлі жарақат алды.

Сондай-ақ, 23 наурызда Теміртау қаласының аумағынан өтетін республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тас жолында 31 жастағы Hyundai автокөлігінің жүргізушісі 33 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан кейін аталған автокөлік 37 жастағы азаматтың басқаруындағы Renault автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орынында көз жұмды, ал Hyundai автокөлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағына сәйкес тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерден сақтық шараларын қатаң ұстанып, ауа райы күрт өзгерген жағдайда алыс сапарларға шықпауларын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру