Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда бір күнде екі велосипед ұрлаған күдіктілер ұсталды

Қарағандыда бір күнде екі велосипед ұрлаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 маусымда Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полициясы бөліміне 21 жаста қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу тамақтану орындарының бірінің жанында тұрған велосипедті ұрлап кеткенін түсіндірді. Шығын мөлшері 60 мың теңгені құрайды.

Қарағанды қаласы ПБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жедел-іздестіру кезінде екі күдіктіні – Саран қаласында тұратын 25 және 26 жастағы ер адамдар ұстады. Қылмыскерлер кінәсін мойындап, айғақты зат – жәбірленушінің велосипеді алынды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полиция ұсталғандардың сол күні жасаған екінші ұқсас қылмысқа қатыстылығын анықтады. Күдіктілер бірнеше сағат бұрын көп қабатты үйдің ауласынан құны 38 мың теңге тұратын спорттық велосипедті ұрлап кеткені белгілі болды. Велосипед қазір 51 жастағы иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру