Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда бірнеше көліктен ұрлық жасаған күдікті қамауға алынды

Қарағандыда бірнеше көліктен ұрлық жасаған күдікті қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне қаланың үш тұрғынынан арыз түсті. Олардың барлығыда белгісіз біреулер автокөліктерінен ұрлық жасағаны бойынша шағымданған. Ұрлықтың барлығы бір шағын ауданда болған.

Күдіктілер көлікке кіріп, ол жерден бағалы заттарды қолды қылған. Бірінші жағдайда қаскөйлер көліктен құны 35 мың теңге тұратын кілт қосынын ұрласа, екінші көліктен сатуға дайындап қойған жалпы құны 96 мың теңгеге ішімдік заттарды ұрлап әкеткен. Күдіктілер бұған қоймай, келесі бір көліктің дискісін ұрламақшы болған кезде көзге түсіп қалған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы және 24-188 бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері күдіктінің үш қылмысқа қатысы барын анықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру