Қарағандыда екі рет велосипед ұрлаған күдікті анықталды
Қарағандыда екі рет велосипед ұрлаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 тамызда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғынынан хабарлама келіп түсті. Жәбірленуші әйел белгісіз біреу түнде көпқабатты үйдің кіреберісінен велосипед ұрлап кеткенін түсіндірді. Келтірілген шығын көлемі 30 мың теңгені құрайды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
25 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 32 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.
Сотқа дейінгі тергеу кезінде полицейлер ұсталған адамның осыдан бірнеше күн бұрын тағы да бір велосипед ұрлағанын анықтады. Айғақты заттар алынды.