Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ерлікпен қаза тапқан полицейді еске алуға арналған турнир өтті

Қарағандыда ерлікпен қаза тапқан полицей Н.Байғаскинді еске алуға арналған волейболдан турнир өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық полиция басқармасы қызметкерлерінің арасында дәстүрге айналған,  қызмет бабында қаза тапқан жеделуәкіл Нұрлан Байғаскинді еске алуға арналған волейболдан турнир болып өтті.

1998 жылдың қараша айында жедел уәкіл Нұрлан Байғаскин қаруланған қылмыскерлерді құрықтау барысында ерлікпен қаза тапты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен азаматтардың конститутциялық құқықтарын қорғауда ерлікпен қайсарлық көрсеткені үшін Нұрлан Байғаскин қаза болғаннан кейін ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды.

Әріптесімізді еске алуға арналған турнирге қалалық Полиция басқармасына қарасты барлық бөліністерден 9 команда қатысып өзара бақ сынасты.

Турнирдің ашылу салтанатының алдында жарысқа қатысушылар қаза болған әріптесімізді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

– Біз ерлікпен қаза тапқан әріптестерімізді ешқашан ұмытпаймыз. Нұрлан Байғаскиннің өмірден өткеніне 24 жыл уақыт өтті. Осынша уақыт өтседе оның жарқын бейнесі біздің жадымызда. Бүгінгі еске алу турниріне қатысып отырған спортшыларға сәттілік тілеймін, – деді жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дәурен Ибраев.

Турнирге Нұрлан Байғаскиннің жары Жанаргүл Байғаскина қатысып, ерін ұмытпай, ұлықтап жатқан әріптестеріне алғысын білдірді.

Байрақты бәсеке қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды патурльдік полиция полкінің командасы жеңіп алса, екінші орынды Орталық полиция бөлімінің командасы, ал үшінші орынды Қарағанды қалалық Полиция басқармасының командасы ұтты.

Сондай-ақ төрешілердің шешімімен үздік ойыншы Қайыржан Кнашин (Теміржол ПБ), үздік қорғаушы Мұзафар Қашқынбаев (Патрульдік полиция полкі), үздік шабуылшы Даир Абишев (Орталық полиция бөлімі) деп танылды. Жүлдегерлер мақтау қағаздары, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру