Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда көшеде 19 жастағы жігіт тұрғынды тонап кетті

Қарағандыда көшеде 19 жастағы жігіт тұрғынды тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қараша күні сағат 04:20 шамасында Орталық полиция бөліміне Ермеков көшесіндегі үйлердің бірінің маңында бір адамды тонап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жәбірленуші 25 жастағы жігітті жұмыстан кейін үйіне қайтып келе жатқанда белгісіз біреу шабуыл жасап, тонап кеткенін анықтады. Шабуыл жасаушы жәбірленушінің қолындағы әмиянды алып, ізін суытқан. Шығын көлемі 45 мың теңгені құрады.

Полицейлер күдіктіні – 19 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру