Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды полициясы ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады

Қарағанды полициясы ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы Әкімшілік полициясы басқармасының қызметкерлері қыс мезгілінде “ҚазАвтоЖол” ҰК АҚ ҚОФ жол иелерімен бірлесіп, жолдар мен елді мекендердегі жол желісін қысқы күтіп ұстау жағдайына, тұрғындар арасында сауалнама жүргізу арқылы тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

Мәселен, 21-24 қараша аралығында ғана 30-ға жуық сауалнама жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша жол иелері мен мүдделі органдарға 20-ға жуық нұсқаулық пен бес ақпарат берілді.

Сонымен бірге, облыстық әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жолдарды күтіп ұстау талаптарын орындамағаны үшін 12 лауазымды және заңды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оларға жалпы сомасы 500 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Сонымен қатар, қарлы боран кезіндегі қолайсыз ауа райы жағдайларына және жолдың көрінбеуіне, сондай-ақ республикалық маңызы бар жолдарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты тек ағымдағы жылдың қараша айында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс 3 рет шектелді.

Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарына 22 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысының аумағында қар жауып, желдің 15-20 м/с күшеюі байқалатынын ескертеміз.

Осыған байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Қарағанды облысының полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы, көлік жүргізушілеріне қозғалыс қарқындылығы, көлік құралы мен жүктің ерекшеліктері мен жай-күйі, жол және метрологиялық жағдайлар, оның ішінде қозғалыс бағыты бойынша көріну, көлік құралын белгіленген шектен аспайтын жылдамдықпен жүргізуді қатаң түрде ұсынады. Жаяу жүргіншілер өткелдерінен өткенде абайлап, абай болыңыз, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыз.

Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығы кезінде қысқа және ұзақ сапарлардан бас тартуды, елді мекендерден шықпауды, ауа райы жағдайлары мен көліктердің қозғалысына шектеулер туралы SMS-хабарламаларына назар аударуды ұсынамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру