Қарағандыда мас күйінде көлік жүргізген Қостанай облысының тұрғыны ұсталды
Қарағандыда мас күйінде көлік жүргізген Қостанай облысының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 шілдеден 1 тамызға қараған түні Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің экипажы қала көшелерінде күнделікті қызметіне кірісті. Түнгі сағат 01:00 шамасында полицейлер жол бойында жылдамдықты шамадан тыс асырып келе жатқан көлікті байқады. Автокөлікті тоқтатқан кезде рөлде ішімдік ішкен 31 жастағы Қостанай облысының тұрғыны екендігі анықталды.
Сараптама қылмыскердің алкогольдік мас күйінде болғанын анықтады. Сонымен қатар ер адам бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.