Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде Пробация қызметі көп балалы анаға материалдық көмек көрсетті

Ақтөбеде Пробация қызметі көп балалы анаға материалдық көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аяғын шалыс басып, істі болған азаматтардың түзелу жолына нық тұрып, қоғамға бейімделіп кетулері үшін Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Пробация қызметкерлері әлеуметтік-құқықтық, психологиялық көмектен бөлек, ерікті топтармен бірлесіп материалдық тұрғыда да қол ұшын созып келеді. Нақтырақ айтқанда, Пробация қызметкерлері ерікті топ өкілдерімен бірлесе отырып, өмірдің қиын жағдайына тап болған есепте тұрған сотталғандардың отбасына бірінші кезекте тұтынылатын азық-түліктер және киім-кешектерді жеткізуде.
Жуырда Ақтөбе қаласының тұрғыны жеті баланың анасы жаңбырдың салдарынан үйінің суға кетіп, киім-кешектері мен тұрмыстық заттарының жарамсыз болуына байланысты материалдық тұрғыда көмек көрсетуді өтініп, Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспектор-психолог маманына хабарласты. Пробация инспекторы “Қайрат” волонтерлік тобымен бірлесіп, өтініш иесінің балаларына киім-кешектер жеткізіп берді.
– Киім-кешектеріміз бен үйдегі төсеніштер бір кездері жаңбырдың суына кеткендіктен, материалдық тұрғыда көмек сұрап, Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспектор психологына жүгінген болатынмын. Өздеріңіз көргендей, Пробация қызметі маған мен сұрағаннан да көп көмек берді. Тіпті жуырда Құрбан айт мерекесі қарсаңында осы Пробация қызметі арқылы мешіт қызметкерлері үйіме ет әкеліп берді. Жалпы, Ақтөбе облысының Пробация қызметкерлерінің есепте тұрған азаматтарға көрсетіп келетін қайырымдылық шаралары жөнінде әлеуметтік желілерден көп оқып, біздің қоғамда осындай қайырымды құқыққорғау қызметкерлерінің бар екендігіне риза болдық. Сонымен қатар, менің өтінішімді аяқасты қылмай, көмек берген Пробация қызметі және психолог маманына ерекше алғысымді білдіремін», – дейді қайырымдылыққа бөленген 7 баланың анасы Бибигүл.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру