Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда цемент қалдықтарын заңсыз төккен жүргізуші жауапқа тартылды

Қарағандыда цемент қалдықтарын заңсыз төккен жүргізуші жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

26 тамызда Қарағанды қаласының Жаңа Майқұдық секторында патрульдеу қызметін атқарған полиция қызметкерлері “Сармат-3” тұрғын үй кешені маңынан Shacman Mixer жүк автокөлігін анықтады.

Тексеру барысында 53 жастағы жүргізушінің абаттандыру қағидаларын бұзып, цемент қалдықтарын белгіленбеген жерге төккені анықталды.

Құқық бұзушы заң аясында жауапқа тартылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция бұл бағыттағы жұмыстардың “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бағдарламаның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсарту және азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Полиция тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерін абаттандыру талаптарын сақтауға, құрылыс және басқа да қалдықтарды белгіленбеген орындарға төкпеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру