Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жасөспірімнен мотоцикл тартып алған күдікті ұсталды

Қарағандыда жасөспірімнен мотоцикл тартып алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 шілде күні сағат түнгі 23.30 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне ауданға қарасты ықшам аудандардың бірінде ашық тонау болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.

Жәбірленуші 38 жастағы азамат жер үйлердің бірінде тұратынын және түнгілік уақыт ауласында өзіне тиесілі мотоциклын қоятынын айтқан. Оқиға болған күні кешкілік ауласында үй жұмыстарын жасап жатқанда, есік алдында 15 жастағы баласы болған. Ол мотоциклдың жанында болған. Бірнеше уақыт өткенде оған белгісіз бір азамат келіп, баласынан мотоциклдың маркасын сондай-ақ, мініп көруге болама екенін сұраған. Кейін күдікті баладан мотоциклды алып, белгісіз жаққа ізін суытқан. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 580 мың теңгені құрады.

Қылмысты ашу бойынша криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы күдікті ұсталды. Ол мотоциклды тек теуіп көргісі келгені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру