Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртау тұрғынына пәтер алуға көмектесемін деген алаяқ ұсталды

Теміртау тұрғынына пәтер алуға көмектесемін деген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 тамыз күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 23 жастағы қала тұрғыны хабарласып, алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданған.

Белгілі болғандай, жәбірленуші азаматша жеңілдетілген түрде пәтер алуға кезекте тұрған. Кейін таныстарынан пәтер алуды жылдамдататын адамдардың барын естіп, белгісіз біреудің ұялы телефон нөмірін алған. Үйлі болуды тездеткісі келген азаматша таныстарынан алған телефон нөмірі арқылы байланысқа шығып, белгісіз азаматшамен кездескен. Кейінгісі шынында да бұл жұмыстарды тез арада жасап бере алатынын айтып, үйлі болуды тездету жұмыстарына 300 мың теңге беру керектігін айтып жәбірленушіні көндірген.

Ақшаны алғаннан кейін алаяқ жәбірленушімен бірнеше уақыт байланысқа шығып, жұмыстың жасалып жатқанын айтып сендірген. Алайда бірнеше ай өткен соң біржола байланысын үзген. Алаяқтың құрбанына айналғанын сезген жәбірленуші полциияға арызданған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы азаматша ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру