Қарағандыда жеке үйден ұрлық жасаған адам ұсталды
Қарағандыда жеке үйден ұрлық жасаған адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 шілдеде Қарағанды қаласның ПБ Киров полиция бөліміне Челюскин көшесіндегі жеке үйлердің бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы 38 жастағы жәбірленуші әйелдің үйіне белгісіз біреу кіріп, ұялы телефон мен ыдыс-аяқты ұрлап кеткенін анықтады. Шығын мөлшері 48 мың теңгені құрайды. Бұл факт бойынша 188-бап (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
28 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.