Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік патрульдік полицейлер ЖҚЕ бұзған жүргізушілерді анықтады

Шымкенттік патрульдік полицейлер ЖҚЕ бұзған жүргізушілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 29 шілдесінде Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкінің инспекторлары рейд өткізді. Іс-шараның мақсаты – жүргізушілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының санын төмендету. Бұл жолы маневр ережесін бұзған жүргізушілер де анықталды: жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамаған жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (Маневр жасау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жол қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде шаралар қабылдап келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру