Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жоқ пәтерді жалға берген ерлі-зайыптылар ұсталды

Қарағандыда жоқ пәтерді жалға берген ерлі-зайыптылар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Киров ПБ-не 31 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші әйел пәтер жалдауды жоспарлап, интернет арқылы хабарландыру тауып, көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалған. Пәтерді жалға беруші алдын ала төлемді талап етіп, 32 мың теңге аударған. Жалға алған тұрғын үйді тексеруге келгенде ондай пәтер жоқ болып шыққан.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

28 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде 26 жастағы әйел мен 29 жастағы ер адамды ұстады. Олар кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру