Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жоқ тауарды жеткіземін деп елді алдаған алаяқ құрықталды

Қарағандыда жоқ тауарды жеткіземін деп елді алдаған алаяқ құрықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші арызында белгісіз алаяқ азаматшаның құрбаны болғанын көрсеткен.

Осыдан үш ай бұрын алаяқ жәбірленушіге азық-түлік заттарын жеткізіп беремін деген желеумен 400 мың теңге ақшасын қолды қылған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азаматша ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

– Белгілі болғандай, азаматша ұн, қант және май сатумен айналысқан. Аталған заттарды сататыны жайлы және жеткізіп беру туралы хабарламаны әлеуметтік желіге жариялаған. Тамыз айынан бастап ол тапсырыс берушілерге көлік сынып қалды, тауар шекарада тұрып қалды деген желеумен тапсырыстарды орындамаған. Алайда ол тапсырыс алғанда сатылатын азық-түліктің толық соммасын алып отырған. Қазіргі уақытта полицияға аталған азаматшадан жәбір көрдім деген 20 жәбірленушіден арыз түсті. Оларға келтірілген шығын көлемі шамамен төрт млн теңгені құрады, – дейді Теміржол полиция бөлімінің тергеушісі Нұрсұлтан Далабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру