Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желілер арқылы ұрлық фактісін анықтады

Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықталған ұрлыққа қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 29 желтоқсанында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде қаладағы сауда үйлерінің бірінде балалар киімін ұрлаған белгісіз азаматтың әрекеттері түсірілген бейнежазбаны анықтаған.

Мән-жайды анықтау барысында полиция қызметкерлері алдымен белгісіз азаматтың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 15 мың теңге шығын келтірілген 58 жастағы жәбірленушіні анықтады.

Содан кейін жедел жұмыстарды жүргізу барысында 25 қаңтар күні осы іске қатысы бар деген күдікпен 47 жастағы азаматты ұстады. Күдікті  істеген әрекеттерін мойындады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру