Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер бөтеннің мүлкін ұрлаған екі азаматшаны қолға түсірді

Қарағандыда алтын бұйымдар ұрлаған екі әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қазан күні Қарағанды қаласы Полиция басқармасының Михайлов полиция бөліміне 41 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өзінің пәтерінен белгісіз біреулердің алтын бұйымдарын ұрлап кеткендігі туралы арызданған.

Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құраған.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 және 38 жастағы екі азаматша ұсталды, олар қылмыстарын мойындады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188- бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру