Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында он күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен қыз табылды

Қарағанды облысының полицейлері он күн бұрын жоғалған қызды іздеп тауып, ата-анасына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қазан күні Қарағанды қаласының полицейлеріне қала тұрғыны хабарласып, 11 қазанда өзінің 17 жаcтағы қызының жоғалып кеткендігі туралы арызданған.

Жас қыз үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Алғашында жоғалған қызды ата-анасы өздері іздеп, ешқандай нәтиже болмағандықтан полицияға хабарласқан.

Жоғалған қызды іздеу жұмыстарына Қарағанды облысы Полиция департаментінің  барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Мақсатты бағыттаған жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 21 қазан күні із-түссіз жоғалған азаматша Шет ауданына қарасты ауылдардың бірінен табылды. Кәмелетке толмаған азаматша үйіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру