Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробациялық қызмет есебінде тұрған сотталған азаматтарға әлеуметтік көмек тұрақты түрде көрсетіліп отырады

Қызылордада пробациялық бақылауда тұрған 21 сотталған азамат жеке кәсібін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметінде есепте тұрған сотталған азаматтарға  жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес жүйелі түрде әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіліп отырады.

Әлеуметтік -құқықтық көмектің бірі  есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру болып табылады.

2020 жылдың 9 айында пробация қызметінде есепте тұрған 406 азамат жұмысқа орналастырылып, 21 азамат жеке кәсібін ашқан.

Бүгінде мемлекет тарапынан қаржылай қолдау тауып,  шаруасын дөңгелетіп отырған жас кәсіпкерлер қатары артып келеді. Міне, осындай жас кәсіпкерлердің қатарында  пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар да бар. Бұл азаматтардың  жеке кәсібін ашуға мемлекеттік грант септігін тигізген.

Пробация қызметінің есебінде тұрған 21 азамат “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  “Бизнес бастау” жобасы аясында бір айлық “кәсіпкерлік негіздері” курсын аяқтап, сертификат алып,  кәсіп ашуды қолға алған.

Жаңадан бастаған кәсіпті қолдау  мақсатында “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” аясында   сотталған азаматтар қайтарымсыз грант ұтып алды.

Қазіргі уақытта олардың компьютер жөндейтін орталық, мал шаруашылығы, тауық өсіру шаруашылығы,  бетон өңдеу цехы, ағаш цехы, шаштараз сынды жеке кәсіптерін дөңгелетіп отыр.   

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру