Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полицейлер жеке кәсіпкерден үш текше метр сексеуіл тәркіледі

Алматы облысында жеке кәсіпкер 18 жылдан бері сексеуіл сатумен айналысып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қазанда Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында “Браконьер” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 35 жастағы жергілікті тұрғыннан сирек кездесетін, құрып кету қаупі төнген, пайдалануға тыйым салынған өсімдіктердің бірі  болып табылатын үш текше метр сексеуілді тауып, тәркіледі.

Оның айтуынша, ол сексеуілді дайындаумен және қайта сатумен 2002 жылдан бері айналысқан.

2015 жылы дәмхана ашып, ол жерде де сексеуілді пайдаланған.

Аталған дерек ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде сирек кездесетін өсімдікті дайындау және пайдалану тәсілдері, күдіктінің өсімдікті кесуге қатыстылығы тексерілетін болады. Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру