Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласында 12 күн ішінде карантиндік шектеулерді сақтамаған 390 кәсіпкерлік субъектісі анықталды

Алматы қаласының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы 12 күн ішінде анықталған  карантиндік шектеулерді сақтамау бойынша құқық бұзушылықтар статистикасын ұсынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шаһарда кәсіпкерлік субъектілері арасындағығы карантиндік шектеулерді сақтамау фактілерін анықтауға 26 бақылау тобы жұмылдырылған.

– Алматыда 12 күнде  кәсіпкерлік субъектілерінің 90 қызметкері бетперде режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл санаттағы қызметкерлер азаматтармен тікелей байланыста болатын және халыққа қызмет көрсететін адамдар болып табылады. Олардың бетперде кимеуі немесе дұрыс кимеуі адамдар үшін қауіпті. Себебі олар инфекцияны тек өздері ғана емес, сонымен қатар клиенттерге де жұқтырады. Әрбір адамда жеке азаматтық жауапкершілік болуы керек, бұл табиғи жағдай. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың негізгі түрлерінің бірі кәсіпкерлік объектілерінің белгіленген уақыттан тыс уақытта жұмыс істеуі, кәсіпкерлер карантин жағдайында клиенттерді қуанту және көбірек табыс табу үшін жұмыс істейді. Бұл карантиндік шектеулерді қасақана бұзу болып табылады. Естеріңізге сала кетейін, азаматтар мұндай құқық бұзушылықтар туралы өздерінің учаскелік полиция қызметкерлеріне “Фэйсбук” әлеуметтік желісі арқылы тікелей хабарлай алады. Міндетті түрде жергілікті жерде тексеру болады. Біз бұл жұмысты карантин аяқталғанға дейін  жалғастырамыз, – деді  Алматы қаласының  ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

2020 жылғы 8 – 20 қазан аралығында полицейлер 1709 кәсіпкерлік субъектісін тексерген, оның  390-да  карантин талаптарын бұзу анықталды, карантинді бұзушылардың басым көпшілігі   түнгі клубтар, дәмханалар, мейрамханалар, массаж салондары, караоке-клубтар мен сауналар сияқты ойын-сауық мекемелері болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру