Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері ғаламтордағы алаяқтық әрекеттердің жолын кесу бойынша шаралар қабылдауда

Алматы қаласының Полиция департаменті ұялы байланыс операторларымен және банктермен  ғаламтордағы алаяқтыққа қарсы  күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келді, – деп хабарлайды  Polisia.kz.

Биыл Алматы қаласының аумағында ғаламтор алаяқтарының белсенділігі артқан, жыл басынан бері бұл салада 920 қылмыс тіркелді, алаяқтардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан  жәбірленушілерге 500 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

“Алаяқтар бөтеннің мүлкін, атап айтқанда жәбірленушілердің қаражатын ұрлау үшін ғаламтордағы платформалар мен электронды әмияндарды белсенді пайдаланады. Ғаламтордағы алаяқтықтардың көбеюіне шаһардағы карантиндік режимнің енгізілуі де әсер еткенін айта кеткен жөн, мұнда жергілікті тұрғындар ғаламтордағы платформаларды қолдана отырып,  тауарлар мен қызметтерді белсенді түрде сатып ала бастады. Қаскөйлер осы жағдайды пайдаланып,  ғаламтордағы платформалар мен әлеуметтік желілер арқылы қылмыстық ықпалдарын күшейтті.
Осыған байланысты  Алматы қаласы Полиция департаментінің басшылығы “Qiwi KZ”, “Кселл” АҚ, “Мобайл Телеком Сервис” ЖШС (Tele2), “Каспий Банк” АҚ, “Kolesa” ЖШС, “OLX Group” ЖШС өкілдерімен кездесу өткізді, онда алаяқтық тәуекелдерін басқару саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Ғаламтордағы алаяқтықты болдырмау, анықтау, жолын кесу және жария ету, алаяқтық жасады деген күдікті (айыпталушы) адамдарды анықтау, сондай-ақ қылмыскерлердің орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыс белсенді жүргізілетін болады.
Ғаламтор арқылы алаяқтық жасау кезінде күдіктілердің қылмыстық жолмен табылған ақшаны алуына және аударуына мүмкіндік бермес үшін күдікті шоттар мен нөмірлерді бұғаттау мәселелері талқыланды. Ғаламтордағы платформа арқылы қызметтерді пайдалану және тауарларды сатып алу кезінде сақтық шараларын сақтау туралы ұялы байланыс операторларының абоненттеріне хабарлама жіберу мәселесі ескерілді. Компаниялардың өкілдері  Қазақстан Республикасының аумағында ғаламтордағы алаяқтықтың таралуын болдырмау бойынша өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді.
Ғаламторда зат сататын қолданушыларды тексеру мәселелері де қарастырылады, – деді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру