Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы кезекті рет тұрғындармен кездесті

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов кезекті рет тұрғындармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында Ішкі істер органдары жүйесін реформалаудағы басты рөл учаскелік полиция қызметкерлеріне жүктелгені белгілі. Әрі полиция бар күш-жігерін азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға, заңдылық пен тәртіпті нығайту жолында күндіз-түні жұмыс істеуге жұмсауы тиіс екендігі де айтылған.

Осы мақсатта Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов кезекті рет тұрғындармен кездесті. Бұл жолы Шымкенттің бас полицейі Жібек-жолы көшесі №30,31,32 үй тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдардың басым бөлігі үй кіреберістері мен аулаларға бейнекамералар орнату мен жолдарды кеңейту, жасанды жол кедергілерді орнатуға қатысты болды. 

Кездесуде №38 учаскелік полиция пунктінің жеті учаскелік полиция инспекторының тоғыз айда атқарған жұмысы зерделенді.

– Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін барынша жоғары деңгейде қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстардың себептері мен жағдайларын анықтау және алдын алу шараларын қабылдау – бұл біздің басты міндетіміз. Әрбір учаскелік инспектор өзі жауапты болған әкімшілік учаскеде беделді, танымал адам болуы керек.  Олардың қоғам игілігі үшін және азаматтардың қоғамдық тәртібі үшін жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мемлекет тарапынан барлық қолдау шаралары көрсетіліп келеді – деді Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру