Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробациялық есепте тұрған сотталған азаматтар  ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті

Қызылорда облысының ҚАЖД пробациялық қызметі есепте тұрған сотталғандарды қоғамға бейімдеу бойынша шаралар қабылдауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр қалалық пробация қызметі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен сотталған азаматтар арасында қол күресі, асық ату, гір тасын көтеру және арқан тарту сияқты ұлттық спорт түрлерінен спорттық шара өтті.

Сотталғандар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау және оларды спортқа баулу мақсатында өткізілген шараға  есепте тұрған 20-ға жуық азамат қатысты.

Қызықты да тартысты өткен спорттық шараның әділ өтуіне аудандық Жастар ресустық орталығының мамандары  қазылық етті.

Жарыс нәтижесі бойынша  жеңімпаздар дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

– Пробация есебіндегі азаматтармен түрлі деңгейлердегі спорттық жарыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып  тұрамыз. Бүгінгі шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді. Салауатты өмір салтын ұстануға  бағытталған игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады, – деді Байқоңыр қалалық пробация қызметінің бастығы А.Танбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру